Құрметті сайт қонақтары!

 Біздің сайттан Қазақстанның Оңтүстік өлкесінде ашылғанына төрт жылға қадам басқан «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» туралы көптеген ақпараттар алуға болады.

Қарт Қаратаудың Боралдай жоталарында және Сырдария, Арыс өзендерінің жайылмаларында орналасқан өңірлік парктің аумағындағы сирек кездесетін және бағалы, эндемиктер болып табылатын өсімдіктер мен жануарлар жөнінде әртүрлі мәліметтермен танысып, олардың фотобейнелерін көруге, кездесетін орындары туралы ақпараттар алуға болады.

Сол сияқты өңірлік парктің аумағында туристік саяхаттар жасау үшін табиғаттың таңғажайып жерлерімен өтетін туристік маршруттар мен соқпақтар, ұйымдастырылған демалыс орындары туралы жан-жақты мағлұматтар алып, қазіргі таңда экологиялық туризмді дамыту, экологиялық-ағарту бағытында атқарылып жатқан кешенді шаралармен таныса аласыздар.

Сонымен қатар бұл сайтта өңірлік парк аумағында жүргізіліп жатқан ормандарды, өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау, молайту шаралары, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми жинақтарда жарияланған мақалалар, басқа да көпшілікті қызықтыратын әртүрлі жаңалықтар мен өзгерістер туралы мәліметтер берілген.

 

Флорасы
 
Фаунасы