Туризм, рекреация және экоағарту бөлімі

Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмысы


«Парктер шеруі» 2019 жыл ашылуы

Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстары

"Сырдария - Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" ККМ-нің туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары

Парктер шеруі - 2017


Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің 2016 жылы атқарған жұмыстары

Парктер шеруі - 2016


Боралдай филиалы, Теректі демалыс аймағында киіз үй, тапчандар, палаткалармен жабдықталған және де табиғи экомонша, табиғи су бассейні салынып, демалушыларға көрсетілетін қызметтер жасалуда.


Экомонша


Табиғи су бассейні


Жылжымалы қонақ үй тектес вагон – 6 адамдық орнымен


10 адамдық палаткалар


Мініс аттармен жабдықталған және олар жалға беріледі

image01

 

 

 Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің 2014 жылы атқарған жұмыстары

 

Экологиялық ағарту, туризм және рекреациялық қызмет.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасының 2007 жылғы22 қаңтардағы №21 санды бұйрығымен бекітілген "Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесіне" сәйкес өңірлік табиғи парктің рәміздері (эмблемасы мен туы) әзірленіп, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлгінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2014 жылғы 14 шілдедегі "Сырдария -Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің рәміздерін бекіту туралы" № 221 санды бұйрығымен бекітілді.

image001

-ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі №25-02/457 санды "ҚР мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін киіп жүру туралы қағидасын бекіту" туралы бұйрығымен бекітілген, осыған байланысты "Малашевич" ЖШС-не тапсырыс беру арқылы жалпы соммасы 400 000 теңгені құрайтын темір төс белгілер (жетон) жасалынып, мекеменің 154 мемлекеттік инспекторларына тапсырылды.

image002

 

— өңірлік парк аумағында техникалық-экономикалық негіздемесінде жоспарланған 7 туристік соқпақтардың паспорттарының жобасы жасалып, ОҚО Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясымен келісімделіп, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 28.02.2014 жылғы №67 бұйрығымен бекітілді. Оның 3-і туристік соқпақ, ал 4-і туристік маршруттар.

image003

— парк аумағындағы 3 туристік соқпақ пен 4 туристік маршруттарға паспорттар орнатылды.
Бекітілген туристік соқпақтар мен маршруттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар:
- Боралдай филиалының Сүңгі бөліміндегі бірінші айналымына, экологиялық туризмді дамыту және туристерге қонақ үй ретінде ұсыну мақсатында жылжымалы 4 адамдық вагон-будка орналастырылды.

image004

Вагон будка жылытылған, 4 адамға арналған кереуетпен және шағын ас үйге арналған жабдықтармен жабдықталған.

image005

Боралдай филиалының жоғарғы Боралдай бөлімі №3 шеберлік учаскесіне туристер мен демалушылардың жоғарғы деңгейде демалуына және қону мүмкіндігін ұсыну үшін, этнографиялық ауылдың қазығы ретінде сегіз қанатты киіз үй орнатылды.

image006

Сырдария филиалының өзен жағалауына, жоспарланған балықшылар ауылы ретінде жылжымалы вагон-будка орналастыру жұмыстары жүргізілді;

image007

-Боралдай филиалындағы туристік маршруттарды абаттандыруға 60 (алпыс) дана ағаш скамейкалар жасалынды.

image008

— Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 7 тармақшасына және аталған Заңның 38 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2014 жылғы 4 тамыздағы "Сырдария -Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі КММ-сі көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы" №84-Ө санды бұйрығымен тарифтер бекітілді.

image009

— өңірлік парктің 28.08.2014 жылғы "Бекітілген тарифтерді қолданысқа енгізу туралы" №85 санды бұйрығы жұмыс жүргізуге шығарылған.

image010

— ОҚО маслихатының "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" 28 наурыз 2013 жылғы № 12/105-V санды шешімі негізінде өңірлік парктің 28.08.2014 жылғы "Бақылау-өткізу бекетінің қағидасын бекіту туралы" №86 санды бұйрығы шықты.

image011

— өңірлік парктің аталған бұйрықтарына сәйкес үш филиалда бақылау-өткізу бекеттері орнатылды.
Сырдария филиалында- 2 бекет: 1) Байырұм орманшылығы, 26 айналым, 20 орамда жауапты маман- мемлекеттік инспектор Е. Етеубеков.
2) Тақыркөл орманшылығы 7 айналым, 17 орамдажауапты маман- орман шебері М.Сапарбеков;
Боралдай филиалында- 1 бекет:1) Аяқ Сүңгі бөлімі, 2 айналымжауапты маман- мемлекеттік инспектор М. Көлтаев;
Түркістан филиалында-2 бекет: 1) Қызылшаруа орманшылығы, 3 айналым, 16 орамдажауапты маман- орман шебері Т. Сарбаев2) Шәуілдір орманшылығы 296 орамдажауапты маман- мемлекеттік инспектор С. Сұлтанмұратов бекітілді.
әр филиалдың бақылау-өткізу бекеттері кассалық аппараттармен жабдықталып, салық кодексінің 508 тармағына сәйкес кассалық аппараттар аудандардағы салық органдарында тіркелді.
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңының 8-тарау 46 бабында "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті өздерінде туроператор қызметіне лицензия болған кезде тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады" - делінген.

— 2014 жылғы 25-қыркүйекте, Астана қаласында орналасқан индустрия туризм комитеті, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің № ТО-2206 санды өңірлік парктің атына мемлекеттік лицензия алынды.
- ОҚО табиғи рестурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 23.12.2014 жылғы №926 санды хатымен өңірлік парк аумағында ұйымдастырылатын тендерлік құжаттаманы бекіту үшін облыстық уәкілетті орган немесе республикалық деңгейде келісімделетіні жөнінде түсіндірме беруі сұралды.
- өңірлік парк аумағында реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін жер учаскескелерін жалға беру ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №910 қаулысына сай жүргізіледі делінген, осыған байланысты ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына, ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясына, жергілікті туризм департаментіне, ОҚО сәулет және қала құрылыс басқармасына, ОҚО жер қатынастары басқармасына мүшелік етуге маман бөлуді сұрау туралы хаттар жазылып, жауаптар алынды.

Табиғат мұражайының және келу орталығының (визит центр) саны мен жағдайы.
Өңірлік парктің жаңадан құрылуына байланысты келу орталығы салынбаған, алайда мекеменің техникалық-экономикалық негіздемесінде келешекте салу жоспарланған. Қазіргі таңда келу орталығының сызба нұсқасы жасалынып, көрмеге қойылатын заттар (экспонаттар) жинақталуда. Соның ішінде: Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жәндіктерден жасалған 729 дана гербарийлер және стендтер, өңірлік парктің ғылыми кітапхана қорына 430 дана кітап (оның 171 данасы жергілікті және республикалық кітапханалардан сатылып алынды, қалған 229 данасы филиалдар мен Бас мекеме қызметкерлерінің көмегімен толықтырылды), Қаратау архарының экспонаты, Бұхар бұғысының экспонаты, Бұхар бұғыларының табиғи жолмен түскен мүйіздерінен жасалынған экспонаттар, мектеп оқушыларының қолдан жасалынған макеттері мен «Табиғат» тақырыбына салған композициялары;

Экологиялық – ағарту мақсатындағы жүргізілген іс – шаралар.
-"Парктер шеруі -2014" акциясының салатанатты ашылуы 22-наурыз күні Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп өтті.
-27-наурыз күні Шымкент қаласының №3 балалар үйінде тәрбиеленуші жас өспірімдерге парк шеруінің жалғасы ретінде мектеп орманшылығы орнатылды. Балалар үйінің ауласына мекеме тарапынан ақысыз түрде көшеттер отырғызылды.

— 4- сәуір күні халықаралық құстар күні мерекесіне орай Шымкент қалалық зоологиялық саябағында ОҚО Білім басқармасының экологиялық орталығымен және Шымкент қалалық зообақпен бірлесіп "Құстар біздің досымыз" атты іс-шара өтті.

— Ағымдағы жылдың 19-сәуірінде "Ұлттық ағаш егу күніне" орай, Ордабасы ауданы Темірлан ауылында ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 9 (тоғыз) мекеме бірлесіп "Орманшылар" және "Саябақтар шеруі" тақырыбында іс-шара ұйымдастырып, табиғат қорғау мекемелерінен барлығы 192 маман және 11 арнайы шақырылған қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында орманшылар арасында ұлттық тағамдар сайысы, ағаш егу, қысқа футбол, қысқа волейбол,

ұлттық би, патриоттық ән айту, ұлттық аспапта өнер көрсету конкурстары бойынша сайыстар өткізілді.

Ағаш егу конкурсында 200 (екі жүз) дана үйеңкі, шаған, емен, каштан көшеттері, 20 (жиырма) дана жай аршалары отырғызылды.

Барлық сайыстар бойынша жеңімпаздар анықталып, түрлі номинациялармен марапатталды. - 4 мамыр күні экологиялық орталықпен бірлесіп Шымкент қаласының №36 Қазыбек би атындағы 7 сынып оқушылары мен №40 Алпамыс батыр атындағы көп салалы гимназия мектебінің 7 сынып оқушыларымен,

Боралдай филиалында "Қызғалдақтар күні" аталып өтті.

Мектеп оқушыларына түрлі сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
- Өңірлік табиғи парк Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірлесе жұмыс жасауда. 2014 жылдың 19 қазан күні Туризм, рекреация және экоғарту бөлімінің қызметкерлері Экологиялық орталықтың оқушыларының қатысуымен семинар тренинг өткізді.

Семинар «Парктер неге керек?» тақырыбымен басталды. «Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрып кету қаупі туады.

Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет. Сол мақсатта осы парк қызметкерлері жұмыс атқаруда. Парктерге барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау, табиғатты қорғап, аялау керектігі айтылды. Сондай – ақ парк аумағындағы табиғаттың әсем де көрікті жерлері үлкен көлемді экранмен көрсетілді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлардың біздің өңірлік парк аумағындағы түрлерімен танысты. Түркістан филиалындағы жануарлар әлеміне ерекше сипат, әсем түр келбет беретін «Сыр сұлуы Кермаралды» бұхар бұғыларының бейнефильмі көрсетілді.

Экологиялық ағарту мен туризм саласы бойынша парк қызметкерлері қатысқан халықаралық конференциялар
- 26-27 ақпан күндері аралығында Қостанай қаласында өткен «Биоалуантүрлілікті зерттеу мен ерекше қорғалатын табиғи территориялар желілерін қалыптастыру мен жұмыс істеудегі жетістіктер» (б.ғ.д., профессор Брагинаның мерей тойына орай) атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Екі күндік ғылыми-практикалық конференцияны төрағалық еткен Қ.Р Білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогика институтының ректоры, академик ғ.ғ.д., профессор Қ.М. Баймырзаевпен ҚМПИ БЭМ ҒЗО директоры, ОФУ ботаника және зоология кафедрасының профессоры, б.ғ.д., Т.М. Брагина. -25-26 сәуір күндері Қаратау мемлекттік табиғи қорығының 10 жылдығына ойластырылған "Қаратау қорығының биоалуантүрлілігін сақтау және олардың тұрақты дамуының перспективалары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

— 09 қыркүйек күні Арал қаласында "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-ның 75 жылдығына ойластырылған "Арал өңірімен Барсакелмес қорығының биоалуантүрлілігін сақтау және оның тұрақты дамуының перспективалары" атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысты.

-16-17 мамыр күндері Түркістан қаласында өтетін TEMPUS 2012 I-WEB жобасы аясындағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне халықаралық консультациялық кеңестің жазғы университетіне және семинар-кеңесіне қатысты.

Семинарда Англия, Испания, Германия, Кипр мемлекетттерінен келген ғалымдар және Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ, Аль-Фараби атындағы ҚМУ, Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушылары, Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы, Қазақ су шаруашылғы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ балық шаруашылығы зерттеу институты, Қаратау мемлекеттік қорығынан келген мамандар баяндама жасады. Семинар соңында қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат тапсырылды.
- Қыркүйек айының 17-19 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Экологиялық орталығының ұйымдастырумен өткен 3 күндік «Менің денсаулығым мен экология- менің болашағым» атты жас экологтар слетіне бөлімнің экологиялық ағарту маманы қатысып, Облыстық білім басқармасының басшысы А.Елшиеваның алғыс хатымен марапатталды.
- Қыркүйек айының 23 күні қаладағы жоғарғы оқу орындардың бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің агрономия, география, биология мамандығында оқитын студенттеріне бөлімнің қоғаммен байланыс жасау маманы өңірлік парк туралы, оның мақсаты мен жұмысы, бөлім жұмыстары, туристік экосоқпақтар туралы, паркте атқарылған жұмыстар туралы лекция өткізілді. Сонымен қатар, бұхар бұғылары туралы видеоролик көрсетіліп, дала-өндірістік практикасына шақырылды және үнпарақтар мен күнтізбелер таратылды.
-2-6 қараша күндері Көкшетау қаласында өтетін TEMPUS 2012 I-WEB жобасы аясындағы Халықаралық Консультациялық Кеңестің қысқы университетіне және семинар-кеңесіне, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне қатысты.

Парк аумағындағы өткізілген іс – шаралар, келісім шарттар
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің филиалдарындағы орман қоры жерімен шектесетін елді мекендерде ұйымдастырылған мектеп орманшылығының саны 2014 жылғы жоспар бойынша 55-ке жетті. Оның ішінде Арыс (25) және Түркістан (14) қалалары мен Бәйдібек (10) және Отырар аудандарында (6) «Мектеп орманшылығы» ұйымдастырылған. Мектеп орманшылығы мүшелерінің саны 939 оқушыға жетті. Жас орманшыларға орман қоры жерінен 5,4 га жер бөлініп беріліп, оқушылар күзгі және көктемгі дән себу мен көшет отырғызуға жерлерді дайындауда, оларды отырғызу, ағаштарды және егілген тұқымдарды күтіп баптау, тұқым жинау жұмыстарымен айналысты.

Ұйымдастырылған мектеп орманшылықтарында өңірлік паркте жүргізіліп отырған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ғылыми зерттеулер мен жұмыстар, экологиялық соқпақтар мен маршруттар, өңірлік парк аумағында мекен ететін аң құстар туралы 101 лекциялар өткізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді.

445 оқушылардың қатысуымен 46 сенбіліктер ұйымдастырылды. 237 оқушылардың қатысуымен 11 табиғат қорғау акциясы және көшет отырғызу жұмыстарына 483 оқушы жұмылдырылып, олардың қатысуымен 1064 көшет отырғызылды.

Мектептердің мектеп орманшылық мүшелерінің қатысуымен жергілікті тұрғындар арасында ормандарды өрттен сақтау, өңірлік табиғи парктің жануарлары мен өсімдіктерін қорғау туралы 52 рет үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 1700 дана үнпарақтар таратылды.

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-де
ұйымдастырылған мектеп орманшылықтары бойынша


Филалдар

2013 жыл

2014 жыл

1

Сырдария филиалы

21

25

2

Түркістан филиалы

9

20

3

Боралдай филиалы

4

10

 

 

 

 

Барлығы

34

55

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.
Медиа жоспар (әр бөлім бойынша), жарияланған мақалалар, мақаланың аты,
газеттің аты.

Газет және журнал беттерінде жарық көрген мақалалар саны – 29.

  1. «Жаңалық» республикалық ақпараттық газеті, №03(499) 23 – қаңтар 2014 жыл, мақала: «Қамкөл отбасыға қамқорлық жасалды»;
  2. «Шарайна – шартарап» жергілікті ақпараттық газеті, № 04 24 – қаңтар 2014 жыл, мақала: «Орман тұқымбағын дамыту – жасыл желекті молайтудың негізі»;
  3. «Тұран - Ақпарат» республикалық ақпараттық танымдық басылым, №45(141) 31 – қаңтар 2014 жыл, мақала: «Орманды молайту – басты мақсатымыз»;
  4. «Айғақ» республикалық танымдық газеті, №08 26 – ақпан 2014 жыл, мақала:«Елік – таудың еркесі» ;
  5. «Атамекен» республикалық қоғамдық – экологиялық газет, № 5(194)1 – 15 -наурыз 2014 жыл, мақала: «Табиғаты тұнған өлкемізді өңірлік саябақ қорғайды»;
  6. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газеті , № 53 – 54, 12 – сәуір 2014 жыл, мақала: «Бүлдірсеңіз екі есе айыппұл»;
  7. «ЭкоӘлем» республикалық қоғамдық – экологиялық журнал, № 2(11) наурыз 2014 жыл, «Боралдай өңірінің пайдалы, бағалы қасиеттері бар өсімдіктер»;
  8. «Атамекен» республикалық қоғамдық – экологиялық газет, № 7(196)1 – 15 -сәуір 2014 жыл, мақала: «Оңтүстік өлкедегі Саябақтар шеруі»;
  9. «Дөңгеленген дүние» республикалық қоғамдық – саяси газеті, №19 (379) 21 – мамыр 2014 жыл, мақала: «Кауфман қызғалдағы»;
  10. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газеті , мақала: «Облыс тарихының жылнамасы»;
  11. «ЭкоӘлем» республикалық қоғамдық – экологиялық журнал, № 3(12 маусым 2014 жыл, мақала: «Туристік маршруттардың табиғатымен танысып, танымымызды байытуға кеңінен пайдаланайық!»;
  12. «ЭкоӘлем» республикалық қоғамдық – экологиялық журнал, № 3(12) маусым 2014 жыл, мақала: «Өңірлік саябақтың құстар әлемі»;
  13. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газеті , № 104(19723) 17 – шілде 2014 жыл, мақала: «Қызыл кітапқа енген аңды атып...»;
  14. «Атамекен» республикалық қоғамдық – экологиялық газет, №14 (536) 16 – 31 шілде 2014 жыл, мақала: «Өрт – Әсем табиғаттың қауіпті жауы»;
  15. «Атамекен» республикалық қоғамдық – экологиялық газет, №14 (536) 16 – 31 шілде 2014 жыл, мақала: «Биологиялық саналуандықты зерттеу өңірлік табиғи парктің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты»;
  16. «Атамекен» республикалық қоғамдық – экологиялық газет, №15 (537) 1 – 15 тамыз 2014 жыл, мақала: «Табиғатты сүю – сәби кезден басталады»;
  17. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газеті , № 115 (19734) 4 – тамыз 2014 жыл, мақала: «Өңірлік саябақтың өз ерекшеліктері»;
  18. «Дөңгеленген дүние» республикалық қоғамдық – саяси газеті, №31 (391) 20 – тамыз 2014 жыл, мақала: «Боралдайдың бағалы өсімдіктері»;
  19. «Атамекен» республикалық қоғамдық – экологиялық газет, №18 (207) 15 – 30 қыркүйек 2014 жыл, мақала: «Бұқар бұғыларының қазіргі жағдайы»;
  20. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газеті, № 127 (19746) 25 – тамыз 2014 жыл, мақала: «Аңшылық маусымы ашылды»;
  21. «Атамекен» республикалық қоғамдық – экологиялық газет, №17 (206) 1 – 15 қыркүйек 2014 жыл, мақала: «Облыс аумағында 2014 – 2015 жылдарда күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылды»;
  22. «Атамекен» республикалық қоғамдық – экологиялық газет, №19 (208) 1 – 15 қазан 2014 жыл, мақала: «Парк аумағында туризм күні атап өтілді»;
  23. «Тұран - Ақпарат» республикалық ақпараттық танымдық басылым, № 38(186) 19 – желтоқсан 2014 жыл, мақала: «Жасыл орман – ел байлығы»;
  24. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газеті, № 147 (19766) 2 – қазан 2014 жыл, мақала: «Кекілікті атпаңыз!»;
  25. «ЭкоӘлем» республикалық қоғамдық – экологиялық журнал, № 4(13) тамыз 2014 жыл, мақала: «Өңірлік табиғи парктің Сырдария атырауындағы сүтқоректілер әлемі»;
  26. «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық саяси газеті, № 189 (19808) 2014 жыл, мақала: «Сирек өсімдіктер анықталды»;
  27. «Айқын» республикалық қоғамдық саяси газет, №227 24 қараша 2014 жыл, мақала: «Өңірлік парктегі орманның алар орны»
  28. "Оңтүстік Қазақстан" ОҚСГ, № 194-195 (19814) 27 желтоқсан 2014 жыл, мақала: "Елдің көркі - жасыл аймақ"
  29. «Шартарап - Шарайна» Шардара аудандық газет, №52 26 желтоқсан 2014 жыл, мақала: «Өңірлік табиғи парктің пайдалану режимін сақтайық»

Жоспарланған мақалалар мен орындалуы:
Бас мекеме мақала жоспарланды 18-28 орындалды, 1 телеарна жоспарланды -3 орындалды, 2радио-2; Сырдария мақала жоспарланды 67-77 орындалды, 2 телеарна-4, 1 радио-1; Боралдай мақала жоспарланды24-24 орындалды, 1 телеарна-3, 1 радио; Түкістан мақала жоспарланды 46-46, 1 телеарна-2, радио жоқ.
Көрмелер
- Облыс әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының "Көрме" орталығында облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен "Сарқылмас саяхат" 8-ші Қазақстандық туристік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталған жәрмеңке жылжымалы түрде жыл сайын Қазақстанның әр облысында өтіп тұрады.

Іс- шараның басты міндеті облыстың ішкі және кіру туризмін дамыту ОҚО туристік бағыттарын жылжыту. Сонымен қатар Қазақстандық туристік ұйымдар мен табиғат қорғау мекемелері арасында іскерлік қарым-қатынас орнату, өзара тиімді келісім шарттар мен меморандумдарға тұру.

Жәрмеңкеге мемлекеттік табиғи қорықтар, резерваттар, ұлттық парктер, Алматы және Астана қалаларының туризм басқармаларының қызметкерлері, туристік мекемелер мен ұйымдар, қонақ үй және демалыс орындарының өкілдері қатысты. Туризм мамандарын даярлайтын жоғарғы оқу орындары мен санаторийлер Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Африка, Германия мен Ресейдің бұқаралық ақпарат өкілдері келді. Жәрмеңке аясында түрлі номинациялар бойынша конкурстар өткізіліп жүлдегерлер анықталды, өңірлік табиғи паркте белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.


Территорияны оқу-жаттығу мақсатында пайдалану.
Оқу – жаттығулар, экскурсия және студенттермен практика өткізу
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Шымкент аграрлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен ЕҚТА-ын оқу-жаттығу мақсатында пайдалану жөнінде келісім-шарт жасалынып, «Орман шаруашылығы бақша-саябақтың және ландшафттық құрылыс» мамандығы бойынша, өңірлік парктің үш филиалында аталған колледждің 4-ші курс студенттері өндірістік практикадан өтті. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университетінің география, биология және туризм мамандықтары бойынша шілде айында мекеменің Боралдай филиалында оқу-әдістемелік практикасынан өтті.

-2014 жылдың маусым айында жасөспірімдер экологиялық экспедициясы "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси жауапакершілігі шектеулі серіктестігі мен өңірлік парктің қолдауымен Сырдария өзенінің бойымен спорттық және су туризмі ретінде жүзіп өту экскурсиясын өткізді.

— Есепті жылдың шілде айында екі топтан құралған жасөспірімдер экологиялық экспедициясы өңірлік парктің қолдауымен Боралдай өзенінің бойындағы Шұқыршақ жартасынан экстрималды түрде жүзіп өту экскурсиясын өткізді.

 

Іс-тәжірибе алмасу мақсатында
Республика аумағындағы ЕҚТА қарым қатынас және шетел мамандарының оқу жаттығу мақсатында аумаққа келуі (қай елден, қандай мақсатта) Республика аумағындағы «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне», «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына», «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығына», «Іле Алатау мемлекеттік табиғи қорығына» іссапармен бөлім басшысы мен мамандары іс-тәжірибе алмасу мақсатында барып, қорықтардың жұмыс жасау барысымен танысып тәжірибе алмасты.

Мамандардың қорықтық, қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша біліктілігін арттыру мен қайта даярлау.
- 14-16 мамыр күндері бөлім басшысы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне біліктілігін арттыру мен тәжірибе алмасу мақсатында болды.
- 4-5 маусым күндері Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне біліктілігін арттыру мен тәжірибе алмасу мақсатында болды.

Өңірлік парк аумағын туристік мақсатта пайдалану және жаңа туристік маршруттардың жобалары.
Туристік бағыттар, соқпақтар мен көру алаңқайларының сипаттамасы. Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімі - туризм және рекреация саласында 7 тармақтан тұратын, экологиялық ағарту саласында 13 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары әзірленіп, 2014 жылға арналған іс - жоспары бекітілген. Жоспар бойынша бүгінгі таңда туристік соқпақтары анықталып, паспорттары орнатылып және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

1-ші туристік соқпақ - Қостұра - Тұттыбұлақ қойнауы -Қасқабастау - Мойнақ өткелі - Боралдай шатқалы деп аталатын 2- күндік соқпақ . Жаяу және атпен жүріп өтуге болады. Жалпы ұзақтығы 33 шақырым. Соқпақпен жүріп өту барысында киелі орын, көрікті табиғат ландшафттары, үңгірлерді тамашалауға және сан алуан өсімдіктер мен жануарлар әлемін көруге зор мүмкіндік бар. 2-ші туристік соқпақ - Боралдай шатқалы - Тұра жартасы 3 шақырым ұзындықты алып жатыр. Жаяу, атты, автокөлікпен жүріп өтуге болады. Үлкен Тұра тасының тамаша көрінісі, Боралдай өзенінің аңғары, сан алуан өсімдіктер мен жануарлар мекен етеді. 3-ші туристік соқпақ - Шұқыршақ ауылы маңы - Шұқыршақ сарқырамасы, ұзақтығы - 3 шақырым, жаяу жүріп өтуге болады. Шұқыршақ шатқалының жабайы табиғаты, қайталанбас террассалы сарқырама көрінісін көруге болады. 4-ші туристік соқпақ - Қаражан сайы - Орта Сүңгі шатқалы 7,5 шақырым қашықтықта ұзындықты алып жатыр. Жүріп өту түрі - жаяу, атты, автокөлікпен. 5-ші Аяқ Сүңгі өзені - Аяқ Сүңгі шатқалы ұзақтығы 12,5 қашықтықта, жаяу, атты, автокөлікпен журіп өту. Аяқ Сүңгі өзенінің аңғары және таулы тоғайлар, сан алуан өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай.
6-ші Қызылшаруа елді мекені - Бұхар бұғысының тұқымбағы ұзақтығы 1,5 шақырымды алып жатыр. Жаяу жүріп өтуге болады. 1 күндік туристік маршрутта тоғай ормандарының экожүйесі, сыр сұлуы кермаралды Бұхар бұғысын көру мүмкіндігі бар.
7-ші Шардара су қоймасы маңы - Байырқұм плотинасына дейін ұзақтығы 90 шақырым. Бір күндік туристік маршрут тоғай ормандарының экожүйесі, экстрималды жаны сүйетіндерге таптырмас орын.
Жаңа туристік маршруттың жобалары:
Боралдай филиалында су туризмін дамытудың өте зор мүмкіндігі бар. №3 «Шұқыршақ сарқырамасы» атты туристік соқпағы бойында Шұқыршақ шатқалына кірмес бұрын, Шұқыршақ коньонына барамыз. Каньон бергі аузы Шұқыршақ елді мекенінен 4 шақырым қашықтықта орналасқан Ақтас ауылынан 600 метрдей жерден басталады. Каньон ұзындығы 3 шақырымдай, биіктігі 100 метр шамасында. Каньон ішінде кептер, көк кептер, ұзақ құсы, қарға, айдарлы бөзторғай құстарын көре алады. Коньон ішін тамашалау үшін 6 немесе 4 адамға арналған үрмелі қайықпен Қошқар ата өзенін бойлай 3 шақырым жүзе отырып арғы аузына жетеді.
№2 «Тұра жартасы» туристік соқпағы бойындағы Боралдай өзені арқылы Теріскей бұғы қамал, Күнгей бұғы қамал жерлерін жүзіп отырып, Қыстаусай жеріне келіп үрмелі қайықтарды жинап, шатырлар құрып сол жерде қонады. Таңертең тұрып сол жерде Боралдай өзені бойымен Тұттыбұлақ қойнауы мен Байқалмақ сайын үрмелі қайықпен жүзіп отырып, Байқалмақ жеріне жетеді. Сол жерден Шымкент-Шаян трассасы арқылы Шымкент қаласына жол жүреді.
Шардара су қоймасы маңынан, Сырдария өзені бойындағы Байырқұм көпіріне дейін өзенді бойлай моторлы қайықпен жүзіп өтуге болады. 4-6 адамнан көп емес топпен моторлы қайықпен шамамен 4-5 сағаттай жүзіп өтеді. Жүзіп өту барысында Тораңғыл тоғайларын тамашалап, сол жерде мекен ететін аң құстарды көруге мүмкіндік бар.
Байырқұм көпірінен ары қарай 1,5-2 сағаттай моторлы қайықпен өзенді жүзе отырып Көксарай көпірі маңындағы өзеннің ортасында орналасқан жүрек тәріздес аралды көріп, Көксарай көпіріне келіп демалады. Ары қарайжүзіп Арыс өзені мен Сырдария өзенінің түйіскен жерін көре алады.

Демалыс алаңқайлары, туристік үйлер
Өңірлік парк аумағында арнайы туристерге арналған қонақ үйлер болмағандықтан уақытша қызметтік үйлер пайдаланылуда. Әр филиалдың қызметтік үйлерінің бір бөлмесін қонақ үй ретінде пайдаланылып, 2 дана кроваттар мен 4 дана төсек жаймалары алынып туристердің демалуына қолайлы жағдай жасалынып жабдықталды. Сонымен қатар әр филиалға алты адамдық толығымен жасақталған жылжымалы вагон-будкалар және алты қанатты үш киіз үйлер қойылды. 2015 жылға жиырма адамдық 3 демалыс аймағы, алты адамдық 3 демалыс аймағы (үш филиалда бір-біреуден), Боралдай филиалында этнографиялық ауыл, Сырдария және Түркістан филиалдарында балықшылар ауылын салу жоспарлануда.

Өңірлік парк аумағында орналасқан тұрақты демалыс орындары мен сауықтыру орталықтары және олармен қарым – қатынас. Жерді туристік және рекреациялық мақсатта пайдалану.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі №175 санды «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 8 – тарауы, 46, 46-1 бабы негізінде және ҚР Үкіметінің «Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 910 қаулысы» негізінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері 5 жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.
Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.
Осыған байланысты Түркістан филиалының Қызыл шаруа орманшылығында орналасқан демалыс аймақтары мен лагерьлерге:Жеке кәсіпкер Сырлыбаев Керімжанға «Байсал-Керім», ЖК Ескендиров Мұхитқа, ААҚ “Трансформаторға“, “Балауса” ҚОБ, “Геофизик” жекеменшік кәсіпкерлік серіктестіктеріне өңірлік парк аумағын туристік және рекреациялық мақсатта ғана пайдалануға болатындығы туралы ескерту хаттары жіберілген.

Сырдария филиалы бойынша тендерге қойылатын жерлерге жасалынған лоттардың тізімі:
1. Байырқұм орманшылығы, №9 орам №25 телім - №1 лот
2. Тақыркөл орманшылығы, №16 орам №10 телім- №2 лот
3. Тақыркөл орманшылығы, №24 орам №2 телім- №3 лот
4. Отырар орманшылығы, №165 орам №2 телім- №4 лот

Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің 2013 жылғы атқарылған жұмыстары

Туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімі - туризм және рекреация саласында 7 тармақтан тұратын, экологиялық ағарту саласында 13 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары әзірленіп, 2013 жылдың ІІ жарты жылдығына арналған іс – жоспары бекітілген. Жоспар бойынша бүгінгі таңда туристік соқпақтарды анықтау, паспорттарын бекіту және оларды абаттандыруға ұсыныстар беру жұмыстары жүргізілуде. Өңірлік саябақ аумағындағы экскурсиялық – танымдық 7 туристік маршруттың тізімі дайындалып, 4 маршруттың паспорты бекітілді, барлық паспорттар ОҚО Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясымен келісімделіп, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне бекітуге ұсынылды.

  • 1-ші туристік соқпақ – Теректі ауылы маңы – Теректі шатқалы, оның ұзақтығы 10 км, бұл соқпақпен жаяу, атты, автокөлікпен жүріп өтуге болады. Киелі орын, көрікті табиғат ландшафттары, сан алуан өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай.

№1 "Қостұра - Тұттыбұлақ қойнауы - Қасқабастау - Мойнақ өткелі - Боралдай шатқалы" көпкүндік туристік маршрутының паспорты

  • 2-ші туристік соқпақ – Боралдай шатқалы – Тұра жартасы 3 км ұзындықты алып жатыр. Жаяу, атты, автокөлікпен жүріп өтуге болады. Үлкен Тұра тасының тамаша көрінісі, Боралдай өзенінің аңғары, сан алуан өсімдіктер мен жануарлар мекен етеді.

№2 «Боралдай шатқалы - Тұра жартасы» экскурсиялық-танымдық соқпағының паспорты

  • 3-ші туристік соқпақ – Шұқыршақ ауылы маңы – Шұқыршақ сарқырамасы, ұзақтығы – 3 км, жаяу жүріп өтуге болады. Шұқыршақ шатқалының жабайы табиғаты, қайталанбас террассалы сарқырама көрінісін көруге болады.

№3 «Шұқыршақ сарқырамасы» экскурсиялық-танымдық соқпағы

  • 4-ші туристік соқпақ – Қаражан сайы – Орта Сүңгі шатқалы 7,5 км ұзындықты алып жатыр. Жүріп өту түрі – жаяу, атты, автокөлікпен.

№4 «Қаражан тауы - Орта Сүңгі шатқалы» экскурсиялық-танымдық соқпағы

  • 5-ші Аяқ Сүңгі өзені – Аяқ Сүңгі шатқалы ұзақтығы 12,5 км, жаяу, атты, автокөлікпен журіп өту. Аяқ Сүңгі өзенінің аңғары және таулы тоғайлар, сан алуан өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай.

 

№5 Аяқ Сүңгі өзені - Аяқ Сүңгі шатқалы экскурсиялық-танымдық соқпағы

  • 6-ші Қызылшаруа елді-мекені – Бұхар бұғысының тұқымбағы ұзақтығы – 8,5 км- ді алып жатыр. Жаяу, атты, автокөлікпен жүріп өтуге болады.

№6 «Бұхар бұғыларының тұқымбағы» экскурсиялық-танымдық маршруты

 

  • 7-ші Шардара су қоймасы маңы – Байырқұм көпіріне дейін ұзақтығы – 90 км. Тек автокөлікпен жүріп өтуге болады.

№7 «Шардара су қоймасы маңы – Байырқұм көпірі» экскурсиялық-танымдық маршруты

 

  • Филиалдар бойынша келген демалушылар арасында орманды өрттен сақтау, ағаш- бұталарды сындырмау, аң-құстарды қорғау туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, және де осы туралы үнпарақтар шығарылып, таратылды.

  • Мектеп орманшылығын ұйымдастыру бойынша филиалдарда барлығы Түркістан, Бәйдібек және Арыс аудандарының жалпы білім беретін 30 мектебімен келісім шарт жасалды. Оның ішінде Боралдай филиалында 2 мектеппен, Түркістан филиалында 7 мектеппен, Сырдария филиалында 21 мектепппен келісім шартқа отырған. Мектеп орманшылық мүшелерінің саны 632 оқушы. Мектептерде 70 лекциялар өткізіліп, 20 сенбіліктер өткізілді. Жыл басынан бері 296 оқушының қатысуымен 495 көшет отырғызылды. Қараша айында мектеп орманшылығының мүшелері мектеп ауласына күзгі дән егу жұмыстарын жүргізді.
  • Филиалдарда тұрғындар арасында «Экотуризмді дамыту жөнінде» 500 дана анкета таратылып, жиналып алынды. Оның ішінде Бәйдібек ауданында 100, Түркістан қаласынан 150, Арыс ауданыннан 250 сауалнама алынды.
  • Студенттердің табиғат аясында өсімдіктер мен жануарларды зерделеу нәтижесінде өздеріне қажетті сапалы ақпараттарды алып, тәжірибиелік біліктілігін арттыру мақсатында жоғарғы оқу орындарымен келісім – шарт жасалды. М. Ауезов атындағы ОҚМУ –дың «Агроөнеркәсіп» факултетінің «Биология», «Агрономия» кафедраларымен және де «География», «Туризм», «Экология» кафедраларымен келісім –шарт жасалды. Академиялық Инновациялық Иститутының «Биология», «География», «Экология» кафедраларымен келісім-шарт жасалды. Мирас университетінің «Биология» кафедрасымен келісім шарт жасалды.
  • Содан барлық университет студенттеріне Қазақстанда алғаш рет ашылған өңірлік табиғи саябақ туралы, оның мақсаты мен жұмыстары, туристік экосоқпақтар туралы, саябақта атқарылған жұмыстар туралы лекциялар өткізілді. Сонымен қатар, бұхар бұғылары туралы видеоролик көрсетіліп, дала-өндірістік практикасына шақырылды және үнпарақтар мен күнтізбелер таратылды.

  • Бөлім мамандары Арыс, Түркістан қалалары, Бәйдібек ауданының өңірлік саябақпен шектес елді мекендердің жоғарғы, арнаулы орта және орта оқу орындарында қыркүйек айынан бастап бүкіл оқу жылы бойы белгіленген жоспарға Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы экологиялық ағарту сабақтарын өткізді.

  • Қазан айының 8 күні Боралдай филиалында, Теректі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан 67 орам №9 айналымда, Байқалмақ қойнауында «Табиғат – тіршілік аясы» атты табиғат қорғау акциясы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту,

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының» құрылғаннан бергі атқарылған жұмыстарының нәтижесін көрсету болды.

Іс-шара барысында, акцияның тақырыбына сәйкес қол өнер бұйымдарынан, Боралдай филиалының алқабында сирек кездесетін ағаш түрлерін көбейту, жерсіндіру мақсатында жиналған ұрықтары мен мекеменің кітапхана қорындағы кітаптардан, Бұхар бұғыларының табиғи жолмен түскен мүйіздерінен көшпелі көрме ұйымдастырылды. Акция Үлкен тұра тауының етегіндегі Қола дәуіріндегі петреоглифтерді тамашалаудан басталды. Акция барысында: «Бұлақтың көзін ашу» игілік ісі атқарылып «Асқар аға бұлағы» аты берілді, фенологиялық алаңның қазығы қағылып, арнайы шақырылған

қонақ, Қаратау мемлекеттік қорығының аға ғылыми қызметкері б.ғ.к Г.Б. Сақауова, ЕҚТА туралы Заңдағы өңірлік парктердің міндеттері мен мақсаттары және мемлекеттік инспекторлардың міндеттері мен құқықтары туралы семинар өтті.

Мектеп оқушылары «Табиғат суретшісі» атты сурет салу конкурсына қатысты. Акция соңында барлық қатысқан оқушыларды алғыс хаттар және түрлі сыйлықтармен марапатталды.Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында, ішкі және халықаралық туризмді дамыту мақсатында, мекеменің Боралдай филиалына жоспарланған 5 соқпақтың алғашқы , Байқалмақ ( кіші Оқ жетпес) пен Тұра тауының етегінде, Тұттыбұлақ қойнауы-Ырысымбет үңгірі-Қасқабастау-Мойнақ өткелі-Боралдай шатқалы экосоқпағының ашылу салтанаты болды.

  • Қазан айының 10 күні бөлім мамандары Оңтүстік Қазақстан облысының Туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Менің туған өлкем» туристік фестиваліне, «Экологиялық слеттерге» семинарларға қатысып сертификатпен марапатталды.
  • Қазан айының 23 күні қаладағы жоғарғы оқу орындардың бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің агрономия, география, биология мамандығында оқитын студенттеріне өңірлік саябақ туралы, оның мақсаты мен жұмысы, бөлім жұмыстары, туристік экосоқпақтар туралы, саятабақта атқарылған жұмыстар туралы лекция өткізілді. Сонымен қатар, бұхар бұғылары туралы видеоролик көрсетіліп, дала-өндірістік практикасына шақырылды және үнпарақтар мен күнтізбелер таратылды.
  • Орман қоры жерлерін ЕҚТА санатына ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулы жобасы ҚРҚОҚ және су ресурстары министрлігі ОАШК мен әзірленіп, мемлекеттік органдардың қарауында болуына байланысты өңірлік саябақ аумағын туристік рекреациялық мақсатта пайдалануға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
  • Өңірлік саябақтың жаңадан құрылуына байланысты келу орталығы (визит центр) салынбаған, алайда мекеменің Жаратылыстану Ғылыми негіздемесінде келешекте салу жоспарланған. Қазіргі таңда келу орталығының сызба нұсқасы жасалынып, көрмеге қойылатын заттар (экспонаттар) жинақталуда. Соның ішінде: Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жәндіктерден жасалған гербарийлер және стендтер, өңірлік саябақтың кітап қорына 310 дана кітап (оның 81 данасы жергілікті және республикалық кітапханалардан сатылып алынды, қалған 229 данасы филиалдар мен Бас мекеме қызметкерлерінің көмегімен толықтырылды), Бұхар бұғыларының табиғи жолмен түскен мүйіздерінен жасалынған экспонаттар, мектеп оқушыларының қолдан жасалынған макеттері мен «Табиғат» тақырыбына салған композициялары жинақталуда.